«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарасай ауданы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай ауылында орналасқан заңсыз қоқыс төгу орнына қатысты нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың тамыз айында аталған заңсыз қоқыс төгу орны жабылып, ауыр жүк көліктері мен арнайы техникалардың аумаққа кіруіне жол бермеу мақсатында шлагбаум орнатылды. Сонымен қатар, аумаққа …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарды сапалы әрі қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты», – деді Президент. Осы бағытта Қарасай ауданында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын …
12 қараша күні Көкөзек ауылындағы «Келешек мектебінің» базасында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Іс-шараға Алматы облысының Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Дәулет Шайтұрсын, аудан әкімінің орынбасары Азамат Жандосов, бөлім басшысы Әсел Еркімбаева, полиция басқармасының өкілдері және аудан мектептерінен 61 бала құқығын қорғау өкілі қатысты. Ашық диалог алаңында бала құқықтарын қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу …
Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығы Мансап орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен мемлекеттік «JOL TAP» жобасы аясында Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Алтын Таға» өндірістік кешеніне жастар үшін танымдық экскурсия өткізілді. Кездесу барысында жастар заманауи өндіріс үдерісімен танысып, кәсіпорынның жұмыс бағыттары, өндірістік мүмкіндіктері, жаңа технологиялары мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды. Қызықты дерек: «Алтын Таға» …
В целях усиления мер по обеспечению безопасности студентов в молодежной среде Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан проведет комплексную проверку Казахского национального университета имени аль-Фараби. В КазНУ будет направлена мониторинговая группа, которая изучит соблюдение требований законодательства и внутренних документов в части обеспечения безопасности, охраны жизни и здоровья студентов, а также оценит эффективность воспитательной, социально-психологической …
Жастар ортасында студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне кешенді тексеру жүргізеді. ҚазҰУ-ға мониторингтік топ жіберіледі. Топ студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірі мен денсаулығын қорғау бөлігінде заңнама мен ішкі құжаттар талаптарының сақталуын зерделейді, сондай-ақ тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін бағалайды. Жанжалды жағдайларды …
Шамалған ауылдық округі аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қарауынсыз жүру фактілерін, сондай-ақ түнгі уақытта алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтауға баса назар аударылды. Рейдтік іс-шараға Қарасай ауданы прокуратурасының қызметкерлері, Қарасай аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторлары және Шамалған ауылдық округі әкімдігінің мамандары …
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Іргелі ауылдық округінің аумағындағы зиратта тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында зират аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.
Қарасай ауданы – Алматы облысында халық саны қарқынды өсіп келе жатқан өңірлердің бірі. Соңғы он жылда аудан тұрғындарының саны 155 мың адамға немесе 40 пайызға артты. Бүгінде мұнда 386 мың адам тұрады. Халық санының өсуіне Алматы қаласына жақын орналасуы, көлік-логистикалық мүмкіндіктері мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы ықпал етуде. Урбандалу үдерісіне байланысты әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Президент атап өткендей, жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажеттігі айтылды. Бұл бастама – қоғамдағы әрбір азаматтың құқығы …









