«Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет басшысы Ата заңға енгізуді ұсынған концептуалды өзгерістерді қолдайды. Бұл туралы партияның фракциясын басқаратын Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында мәлімдеді. Ол күні-кеше партияның Ұлттық кеңесінің пленумы өтіп, онда V Ұлттық Құрылтайдың қорытындылары мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық реформа жөніндегі бастамалары талқыланғанын хабарлады. «Осы ретте партия …
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды ұсынды. Атап айтқанда, «Құрылтай» атты бір палаталы парламентке көшу, вице-президент институтын қайта енгізу және заң шығару бастамасын көтеруге құқылы «Халық кеңесін» құру мәселелері күн тәртібіне шықты. Осы бастамалардың логикалық жалғасы ретінде 21 қаңтарда Президенттің Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру …
Конституциялық комиссияның құрылуы – ел тарихындағы айрықша кезеңдердің бірі. Қазақстан бүгінде терең саяси өзгерістер мен жаңарудың табалдырығында тұр. Бұл – ұлттық даму жолындағы жаңа белеске бастайтын маңызды сәт. Осындай жауапты кезеңде комиссия мүшелеріне зор сенім мен үлкен міндет жүктеліп отыр. Бұл комиссия отырысына қоғамның әр саласындағы білікті мамандар мен беделді тұлғалардың қатысуымен қабылданатын шешімдердің салмақты …
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының өтуі елдегі саяси жаңғыру үдерісінің жүйелі түрде басталғанын көрсетеді. Бұл қадам мемлекетті басқару тетіктерін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағалануы тиіс. Комиссия алаңы қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді ашық талқылап, түрлі әлеуметтік топтардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Отырыстың тікелей эфирде көрсетілуі биліктің ашықтық пен жариялылық …
«Екі қолға , бір күрек іздегендер қайда барады?» деген түйін шешілді. Бүгінде халықты жұмыспен қамтумен «Мансап» орталықтары айналысады. Мансаптың алғашқы табалдырығы да осы мекемеден басталады. Мәселен, Қонаев қаласындағы Мансап орталығының қызметіне 2025 жылы 2 961 адам жүгінген екен. Бұл туралы Қонаев қалалық мансап орталығының директоры Ернұр Абдалиев баспасөз-мәслихатында айтты. Жалпы, жұмыспен қамту шаралары «Қазақстан Республикасының …
Бүгінгі өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы осыған дейінгі басқосулардан ерекше болды деуге болады. Өйткені ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген келелі мәселелерді сөз етіп, егеменді еліміздің болашағына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Саяси жүйелік өзгерістерге де мән беріп, басты бағыттарын атап өтті. Мемлекет басшысы осы жолғы құрылтай жиынын Қызылорда өңірінде өтіп жатқандықтан, оның маңындағы Арал мәселесіне тоқталды. Ол …
В Астане состоялось пятое заседание Рабочей группы по Парламентской реформе под председательством Государственного советника Ерлана Карина. Директор Института парламентаризма Наталья Пан представила сводную информацию о поступающих предложениях граждан, экспертов и общественных активистов. Через специальный раздел «Парламентская реформа» на платформах e-Otinish и eGov с октября прошлого года поступило порядка 600 предложений от граждан, представителей экспертного сообщества …
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті. Жиында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар жөніндегі аралық ақпаратпен бөлісті. Былтыр қазан айынан бері e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі арқылы халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 600-ге жуық ұсыныс …
Жылдағы дәстүр бойынша православиелік дін өкілдерінің «Крещение Господне» мейрамы өтеді. Бұл күні ел аумағында қаңтар айының 18-нен 19-на қараған түні дәстүрлі шомылу рәсімі жүргізіледі. Аталған шараның қауіпсіздігіне төтеншеліктер жауапты. Бұл жайында Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Дінмұхамет Жунусов, Алматы …
Бұған дейінгі мақаламызда Президент реформаларының маңызына кеңінен тоқталып, орталықсыздандыруды өңірлерді дамытуға жол ашатын кілт ретінде атаған едік. Шын мәнінде, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізді жаңғырту бастамасы шамадан тыс орталықтандырылған басқару үлгісін біртіндеп жойып, қоғамның пікірі мен мүддесі ескерілетін барынша теңгерімді бәсекелес жүйеге көшуді көздейді. Осы орайда Мемлекет басшысының алдағы уақытта бір палаталы Парламент құру туралы …








