Жақында аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Уақытым менің – байлығым!» атты тақырыбында жиын өтті. Негізгі бұл шара аталмыш орталыққа жаңа қызмет, яғни, «психолог» маманының қосылғанын білдіру үшін ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Аудандағы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова психолог Мадина Кішкенбаеваны жиналғандарға жақынырақ таныстырды. Жаңа маман иесі өз …
Жақында, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 томдық Жетісу кітапханасы» жобасымен жарыққа шыққан Жетісу ақын-жазушыларының кітаптарының тұсаукесері өтті. Оқырмандарға жол тартқан 41 автор кітаптарының ішінде өзіміздің Серік Қалиевтің «Ақын жолы» өлеңдер жинағы да бар. Осы ретте автордың қысқаша өмірбаянына тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. Қалиев Серік Мақұлбекұлы 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл …
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтарды да осы қаріппен жазылуы қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жетуіне жол ашатынын айтқан болатын. Аталған бағдарламалық мақаласы аясында елімізде латын әліпбиіне көшу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқаны белгілі. Осындай шаралар Қарасай ауданында да қолға …
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бүгінгі таңда …
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісу керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылу тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өткен. Демек, …
Қалталы телефонға телмірген заманда оның қуатының тез таусылуы біреулер үшін қалыпты жағдай болса, басқалар үшін тынымсыз тіршілігі тоқтап қалатындай. Өйткені, сымсыз ұялы байланыс талай жұмысыңызды ретке келтіруге септігін тигізіп, желідей жүйткіген ғаламтор арқылы отандық немесе жаһандық жаңалықты жалпыға жар салады. Ал, олардан үнемі хабардар болып, керекті адамыңызбен тілдесу үшін құдіреті күшті қалта телефонның қуаты жоқ …
Қазақ асқа, тағамға үлкен мән берген. Халқымыз кәделі әрі орны бөлек тағамдарын ет пен сүттен жасаған. Қымыз, шұбат сияқты шипалы сусындарға бүгінде батыс елдері де қызыға қарайды. Бұл – біздің халқымыздың ерекшелігі. Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тұрмыс-тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың да этнографиялық салтына қарай дастарханының өзіне …
Ауданымыздағы «Nomad» этноорталығында елімізде алғаш рет қазақстандықтарға, сондай-ақ, шетелдік меймандарға тарихтағы көшпенділер өмірін бейнелейтін әрі тарихи мұрамызбен жақынырақ танысуға ерекше мүмкіндік беретін этнофестиваль өтті. Өткен аптаның демалыс күндері, Алматы облысы туризм басқармасының тапсырысы бойынша әрі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, ауданымыздағы табиғаты таңғажайып Үшқоңыр үстіртінің етегінде орналасқан «Nomad» этноауыл ұлттық-мәдени кешенінде ежелгі бабаларымыздың жауынгерлік һәм шеберлік …
Әр ұлттың, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық болмысына сәйкес, туындаған салт-дәстүрлері болады. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтеген, қадірлеп сақтаған. Өткен замандарда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Олардың кейбірі халық арасында бүгінде сақталып келеді, ал, біразы қоғамдық дәуір өзгерістерімен бірге қолданыстан шығып, ескіріп, ұмытылды. Сондықтан да, бүгінгі ұрпақ ата-баба дәстүрін …
Елдік пен татулықтың туын көтерген, бүгінде ел мен жердің төрі атанған, киелі Сарыарқаның сайын даласына керегесін кең жайған Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласына 21 жыл толды. Осыған орай кеше «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ғимаратында, Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан партияның белсенді мүшелеріне Мемлекет басшысының атынан …










