Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың салтанатты жиында сөйлеген сөзі Ардақты ағайын! Құрметті қонақтар! Тарихы терең, аңызға кенен Қарасай елі, бүгін өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. «Тарихты қайта жасауға болмайды, одан үйрену» керек демекші, бүгін ауданның 90 жылдық мерейтойын атап өтудегі басты мақсатымыз, ғасырға жуықтаған аудан тарихын сараптай, саралай отырып, өткенімізден таразы тағылым алуды ойладық. ХХ …
Уақыт көшін алға апарып ілгері сүйрейтін, жылдарды жылжытып, айларды сырғытатын, күндерді тізбелейтін тарих доңғалағы мәңгі тоқтамайды. Сөйтіп, жадымызда жақсы жаңғырған кешегіміз артта қалып, қызық-қуанышымен бүгінгіміздің тынысын кеңітіп жүргенде ертегідей ертеңіміз қол бұлғап шақырып тұрады. 90 жылдай тарихы бар қасиетті де қазыналы Қарасай ауданының өткеніне көз жіберсең, оның өне бойында қазақ елі басынан кешкен біртұтас жол-сапары …
Ауданымыздың 90 жылдығына орай ауданның орталық алаңында ойрат қалмақтары шапқыншылығының бастапқы кезеңдерінде ел тәуелсіздігі үшін қол бастап күрескен, зұлым жаудан қазақтың кең-байтақ сайын даласын қорғаған көрнекті тарихи тұлға Қарасай батырдың еңселі ескерткіші бой көтерді. Жетісу жеріндегі дәулетіне сәулеті жарасқан Қарасай ауданның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойлық салтанаттың екінші күні Қарасай батырға арналған ескерткіштің ашылуымен басталды. …
Қарасай ауданының 90 жылдық мерейлі мерекесін жұртшылықпен тойлау сәрсенбінің сәтті күнінде басталғаны баршаңызға белгілі. Игілікті іс-шаралардың ішінде қарасайлықтар мен алыс-жақыннан келген қонақтардың асыға күткені айтыс болды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, шет елдерден келген от ауызды, орақ тілді шайырлардың басы аудандық Мәдениет үйінің сахнасында бірікті. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын бұл кешке жиналған өнер сүйер қауымның …
Конференцияға қатысушылар Нағашыбек Қапалбекұлының пьесасы бойынша ауданымыздағы «Жастар театры» сахнаға шығарған «Қарасай батыр» спектаклін де тамашалады. Режиссері Бағлан Омаров. Актерлердің ойыны, музыкалық көркемдеу, сахнаның безендірілуі, бәрі-бәрі аты аңызға айналған қазақтың хас батырының ерліктері мен ол өмір сүрген дәуірдіңң рухын, тынысын анық аңғартты. Тарихи тұлғаның ерен қолбашылық қасиетімен қатар, ерекше адами келбеті де келісті бейнеленген. Спектакльден …
Мәдениет үйіндегі конференцияда «Қарасай – қасиетті атамекен» атты көркем безендірілген көлемді кітаптың тұсаукесері де болып, оның аясында жинақтың жарыққа шығуына үлес қосқан демеушілер мен редакция алқасы таныстырылды. Кітаптың алғашқы беттерінде Елбасы Н.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың, облыс әкімі А.Баталовтың, аудан әкімі Ж.Далабаевтың, мемлекет және қоғам қайраткері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Жүнісбековтың тілектері берілген. Сондай-ақ, кітапта аудан …
туралы ғылыми-практикалық конференцияда жан-жақты айтылды Ауданның 90 жылдық тойы Мәдениет үйіндегі «Қарасай батыр – Ұлы даланың тарихи тұлғасы» деп аталған ғылыми-практикалық конференциямен басталып, оны Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлі ашып, жүргізіп отырды. Алдымен сөз алып, облыс әкімі Амандық Баталовтың сәлемін жеткізген оның орынбасары Батыржан Байжұманов облыс экономикасында Қарасай ауданының үлкен …
Приближается начало нового отопительного сезона. О готовности к нему 115-ти бюджетных учреждений сфер образования, здравоохранения и культуры района мы поговорили с руководителем районного отдела жилищно-коммунального хозяйства и жилищной инспекции Ерболом Нагашыбаевым. С его слов сферу образования представляют 63 объекта, в том числе 53 школы и 10 государственных детских садов. Большая часть из них – 59 …