Ауданымызға қарасты Шамалған бекетінде орналасқан «Еламан» базарының айналасы бүгінде көп заң бұзушылықтар кездесетін жер болып тұр. Оның себебі, базар маңында, яғни, жол бойында заңсыз сауда нүктелері көбейіп, ауыл тұрғындарына қолайсыздық тудыруда. Жергілікті атқарушы биліктің қатаң назарында болғанымен де, бұл жердегі заңсыз сауда тетіктері азаймай тұр. Өткен аптаның аяғында аудан әкімінің орынбасары Қанат Айманов бастаған комиссия …
Өздеріңіз білетіндей, 1 қазан еліміз бойынша қарияларымызға деген ерекше құрмет пен сыйластық артатын – Қарттар күні. Айтулы күннің құрмет иелерін ардақтау мақсатында ауданымызда түрлі іс-шаралар атқарылып келсе, солардың бірі ретінде айдың бірінші күні аудан орталығының бірқатар мейрамханаларында өткен кештерді айтуға болады. Айтулы шараға Қаскелең қаласының әкімдігі де атсалысып, 200-ге жуық қарияға дастархан жайылды. Ардақталған ата-әжелердің …
«Параға емес – биіктікке ұмтыл!» Иә, дәл осындай ұранмен өткен аптаның сенбісін саяхатқа арнаған Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері Үлкен Алматы шыңын бағындыруға бел буып, жақсы бастамада белсенділіктерін танытты. Олардың күнделікті қызметіндегі тынымсыз тірліктен бір сәт қол үзіп, алып шаһар Алматының тау беткейінде демалу әлдеқайда пайдалы екені жүздерінен-ақ байқалып тұрды. Жалпы, осындай табиғат аясында ұйымдастырылған шараға …
Атап айтқанда, ағымды жылдың екінші қыркүйегінде жарияланған Мемлекет басшысының еліне арнаған алғашқы Жолдауы адамдардың үлкен қолдауына ие болғаны белгілі. Осы орайда оны насихаттау жұмыстары біздін ауданымызда да кеңінен жүргізілуде. Сейсенбі күні аудан орталығы – Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев бастаған қалалық ақпараттық-насихаттық топ Абай атындағы орта-мектеп гимназиясында қала активімен кездесті. Жиналысқа қала тұрғындары, ардагерлер кеңесінің …
Діннің мән-мағынасы, мазмұны, әлеуметтік тұрпаты жағынан қоғамда алатын орны зор. Дұрыс түсінік бойынша дін – жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарады. Дәл осылай ағымыздан жарылып айтқанымызбен, қоғамда қалыптасып жатқан теріс ойлардың, пайымсыз пікірлердің де бар екенін жасырмаймыз. Соның салдарынан адасушылық та болып жатады. Осыған орай, еліміз бойынша облыстық, аудандық көлемде оның алдын алуға қатысты түрлі түсіндіру жұмыстары …
Бірден бес бірдей көп балалы анаға пәтер берілді. Мемлекет есебінен сатып алынған үш бөлмелі пәтерлердің кілтін иелеріне аудан әкімі Жандарбек Далабаев салтанатты түрде тапсырды. Бір айта кетерлігі, бұлар сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспаналар санатына жатады. Аталған қуанышты рәсім Қаскелең қаласы, «Қарлығаш» шағын ауданындағы №148/1 үйдің кіре берісінде ұйымдастырылды. Жандарбек Ермекұлы өз сөзінде жалпы «Нұрлы жер» …
Отбасы – жарастық орнаған кішкентай Отан. Бұлай дейтініміз, сыйластығы асқан, берекесі тасқан әулеттің шаңырағына шаттық орнайды. Осындай мерекелі де берекелі ошақтан Отан құрылады. Бұл қоғам шындығы. Міне, осынау қасиетті құндылықтарды жас отбасыларға насихаттау үшін кеше Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында «Жас отау» отбасылар байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен болған шараның мақсаты …
Жуырда Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, оның жұмысын кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов жүргізіп отырды. Отырыстың белгіленген күн тәртібі бойынша алғашқы кезекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланды. Бұл аса маңызды мәселе жөнінде алдымен Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов сөйлеп, жан-жақты әңгімеледі. – …
Аудан әкімі Ж. Далабаев Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес туған жерін түлетуге атсалысып, әл-ауқаты әлсіз топтарға көмек қолын созып жүрген бір топ азаматтарды арнайы Дипломдармен, Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық тапсырды. Қазақ халқы ежелден бауырмал, қонақжай, жомарт халық екені баршамызға мәлім. Әсіресе, ел ішінде халқының жағдайын ойлап жүретін жомарт азаматтар жетерлік. …
Өткен аптаның жексенбісінде сағ.19.20 шамасында «Екатеринбург-Алматы» бағытындағы пойыз ауданымызға қарасты Шамалған бекетіндегі рельс бойында тұрған №456 бағыттағы автобусты соғып, ауыр жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапқан еді. Оқиға орнына жедел жеткен аудан әкімі Жандарбек Далабаев тұрғындардың наразылығын тыңдап, халықпен қашанда бірге екенін айтып, жоспар бойынша салынатын көпірге қатысты пікірін білдірді. Сондай-ақ, Қарасай ауданының басшысы …