Бүгін Елтай ауылында тұрғындардың өтініштері мен өзекті мәселелерін қарау мақсатында «Әділет» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті.
Қабылдауға арнайы Астана қаласынан «Әділет» партиясы Республикалық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Жұмабек Ермұхаммед Нұрмаханбетұлы, Алматы облысы партиясының өкілі Данияр Алдабергенұлы, сондай-ақ Қарасай аудандық мәслихатының депутаты Сатпаева Алия Нұрмұхамедовна, облыстық және аудандық басқармалардың басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Қабылдау барысында Елтай тұрғындарының жол, су, жаяу жүргіншілер өткелі, заңсыз орнатылған жол кедергілері және басқа да мәселелері көтерілді.
Нақты нәтижелер бойынша:
🔹 Көпір маңындағы кептеліске себеп болып отырған аяқталмаған жол учаскесін 1 апта ішінде жөндеу туралы жауап алынды.
🔹 Тұрғындар сұраған жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру мәселесі қаралатын болды.
🔹 Заңсыз орнатылған жол кедергісіне қатысты тұрғындардың шағымы жауапты мамандардың назарына жеткізілді.
Сонымен қатар, жеке мәселелерімен жүгінген азаматтардың өтініштері қаралып, тиісті органдарға бағытталды.

