Мемлекеттік органдар басшыларының ашықтығы мен қолжетімділігі – азаматтардың сенімділігінің кепілі. Және бұл қағиданы барлығы ұстануға тиіс. Осыған байланысты, жобаның жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында тұрақты негізде азаматтарды қабылдайды. Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде облыс тұрғындарымен кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне …
Ауданымызға қарасты Елтай ауылдық округінде 2017 жылы, Индустрияландыру күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей эфир арқылы және Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың арнайы қатысуымен, машина жасау зауыты ашылғаны баршаңызға белгілі. Тіпті, сол уақыттарда аталмыш кәсіпорын 200-дей адамды бірден жұмыспен қамтыған еді. Түрлі металл құрастырмаларын жасап шығаратын өндірістік орта қазіргі таңда «Қарасай машина өңдеу зауыты» деген …
Бүгінгі таңда аудан әкімдігіне тұрғындар атынан қала маңына қатынайтын жолаушылар мен жүк тасымалдау маршруттарының, яғни, қоғамдық көліктердің тапшылығына байланысты көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. Аталған мәселеге байланысты Қарасай ауданының әкімдігі ҚР инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурызда бекіткен «Жолаушылар мен багажды тасымалдау туралы» ережесіне сәйкес қоғамдық көліктің халықтың талабына сай жүруін қамтамасыз …
Өткен аптаның сенбі күні Қаскелеңдегі орталық «Жер-Ана» базарының аумағында балалардың церебралды салдануы диагнозымен (ДЦП) сырқаттанған Алишер Абдрахмановтың еміне көмек көрсету арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 2010 жылы мамыр айында өмірге келген Алишердің денсаулығынан 40 күнге дейін де, құрсақта жатқанында да ешқандай кінарат байқалмаған. Бірақ, анасы Тудангүлдің айтуынша, уақыт өте келе жылауы жиілеген соң медицина қызметкерлердің көмегіне …
Жуырда, ауданымызда әлеуметтік жағдайы төмен қыз-келіншектер мен көп балалы аналарға арналған тегін мамандық курстарын меңгертетін, Әйгерім Түлкібаеваның орталығы алғашқы тәлімгерлеріне кәсіптік білімін растайтын куәліктерін тапсырды. Салтанатты жиынға арнайы қатысқан Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев куәліктерді өз қолымен табыстап, әрі қарай кәсіптерін бастап, жетілдіруге сәттілік тіледі. – Қаламызда күн санап түрлі саладағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын …
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында, жуырда жаңадан ашылған «Social center» әлеуметтік орталығында сайлауға мониторинг жүргізетін «Аманат» азаматтық платформасы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебін берді, деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметі. Жиын барысында азаматтық платформа штабының жетекшісі Қайрат Темірғалиұлы сайлаудың заңды әрі әділетті өтуі қатаң түрде қадағалану үшін Алматы облысы бойынша 25 мобильді капитандар мен …
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары елімізде кешенді түрде іске асып, оларға көрсетілер көмек түрі де жыл сайын артуда. Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғанда «Алматы облысының әлеуметтік картасының мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Жетісу өңірінде 40 мың 409 көп балалы отбасы 165 мың бала тәрбиелеп …
Алматы облысының тұрғындарының 95 пайызға жуығы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметі. Қазіргі таңда су тапшылығының артуы, жер асты және жер үсті суларының ластануы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі мәселеге айналып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы ауылдық елді мекендердің 80 пайызын …
На днях по сообщениям региональной службы коммуникаций Алматинской области на земле Жетысу побывала правительственная рабочая группа во главе с заместителем Премьера-Министра Республики Казахстан Гульшарой Адбыкаликовой. Цель визита – проведение информационно-разъяснительной работы по реализации новых социальных мер Елбасы «Әлеуметтік қамқорлық», направленных на комплексное развитие регионов, повышение доходов и поддержку малообеспеченных слоев населения. Непосредственно в областном центре …
Елдің әлеуметтік экономикасының тұрақты дамуы, әрине, алдымен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруымен сипатталатыны, айтпасақ та белгілі. Ал, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұл тұрғыда үнемі жүйелі жобаларын атап көрсететін жыл сайынғы Жолдауларын да халыққа арнап келеді. Өткен жылдың 5 қазанында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында да байыпты бастамаларын Үкіметке тапсырған еді. Соның …










