Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) таза инвестициялық табысы жыл басынан бері 01.03.2023 ж. жағдай бойынша 204,4 млрд теңгеден асты.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтитын зейнетақы жинақтарының сомасы 01.03.2023 жылға шамамен 15,13 трлн теңге болды.
2014 жылдан (барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру үрдісі аяқталған) бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 7,13 трлн теңгені құрады.
2023 жыл геосаяси жағдай тұрақсыздығының сақталуы салдарынан қаржы нарығындағы құбылмалылық әбден орын алуы мүмкін жыл болып белгіленген. Бұған дәлел, жыл басынан бері инфляцияның өсуі және зейнетақы активтерінің кірістілігі көрсеткіштерінің құбылмалылығы байқалуда. Ол қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалауға тәуелді болғандықтан, оң да, теріс те көрсеткіштерге ие болуы мүмкін.
Алайда зейнетақы активтерінің портфелін таңдалған қаржы құралдары, экономика салалары мен валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2 ай ішінде оң инвестициялық кіріс алынды.
Зейнетақы жинақтары ұзақ мерзімді инвестициялар екендігі бәрімізге белгілі. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 жыл кезеңіне талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т. б.) нарықтық жағдайдың өзгеруіне тәуелді болғандықтан, индикативті көрсеткіш бола алмайды.
Зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етілетінін атап өткіміз келеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған кезеңнен (1998 жыл) 2023 жылдың 1 наурызына дейін жинақталған кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 695,96% болғанда өспелі қорытындымен 740,12% көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуына бірегей кепілдік бар. Салымшының төлем құқығы басталған кезде жекелеген кезеңдерде оның жинақталған табысына әсер еткен кірістіліктің төмендеуі байқалған кездердегі айырманың өтелуіне мемлекет кепілдік береді.
Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық кірісін enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасынан көптеген қызықты және пайдалы ақпараттарды алып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарын тамашалауға болады.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ.
БЖЗҚ салымшыларының екі айдағы таза инвестициялық табысы 204,4 миллиард теңгеден асты
Home » Жаңалықтар » Қоғам » БЖЗҚ салымшыларының екі айдағы таза инвестициялық табысы 204,4 миллиард теңгеден асты