Қырғауылды ауылындағы № 518 сайлау учаскесі ресми түрде ашық деп жарияланған соң, дауыс берушілердің алғашқы легінде келгендердің бірі – көп жылдар бойы ауданымыздың дамуына өзінің үлесін қосып келе жатқан Алматы облысы және Қарасай ауданының құрметті азаматы, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жанат Исағұлов болды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Өмірінің біразын еліміздегі ауылшаруашылығы саласының дамуына арнап, бүгінгі күнге дейін ауданымыздың өркендеуіне үлкен үлесін қосып жатқан, «Жетісу» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, ауданға танымал тұлға Жанат Молағұлұлы өңіріміздің дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азаматтың бейжай қарамауы қажет екенін айтты.
– Болашақта ауданымыздың мәселелерін жоғарыда көтеріп, олардың шешуіне атсалысатын, ауданымыздың дамуына үлестерін қосатын халық қалаулыларын дұрыс таңдау өте маңызды. Сондықтан ауданымыздың тағдырына алаңдайтын барлық азаматтарды, жастарды бүгінгі шарадан қалыс қалмауға шақырамын! – дейді қоғам белсендісі.