Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғалы бері атқарған жұмысы халықтың көз алдында. Онда төтенше сынақ та, қалың бұқараға деген теңдессіз әлеуметтік қолдау да, халқын қуантып, өзінің мерейін өсірген түрлі дәрежелі сапарлар да болды. Олардың барысында басым көпшілік Президентіміздің ел тыныштығы үшін жасаған қадамына ризашылық танытып жатса да, таразылап, салыстырып, кем-кетігін іздеп отырушылар да болғаны анық. Бұл – барлық заманда, барша қоғамда болатын жағдай. Күні кеше өткен сайлада Қасым-Жомарт Кемелұлының 81,31% жеңіске жетуі халықтың Президентке деген сенімі, осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарының нәтижесі деп айтуға толықтай негіз бар.
Жалпы, жеке өз басым әуел бастан Қасым-Жомарт Кемелұлына сенім артқан адамдардың бірімін. Өйткені, ол кісіні тәуелсіздік жылдардан бері ел экономикасының дамуына үлес қосқан, дипломатиялық біліктілігі бар саясаткер деп танимын. Қасым-Жомарт Тоқаев ел келешегінің кемелі үшін басым бағыттарға да айқын тоқталды. Оның ішінде Қазақстан халқының мүддесін қорғайтын, Үкімет құрамы жастар жағымен толығатынын және басқа өзекті мәселелерге тоқтала келе, бірқатар жоспарын айтқан болатын.
Ал, ол еліміздегі түрлі әлеуметтік немесе қоғамдық мәселелеге оң өзгеріс әкеледі. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының осы бастамасы көптің көңілінен шығатынына сенімім мол. Халық таңдап сайлаған жаңа Мемлекет басшысының алға қойған жоспар-міндеттері ойдағыдай іске асып, елдің дамуы жолында атқарар деген ойдамын.
Сара БАЙБОСЫНОВА,
«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қарасай аудандық жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы