ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Ауыл – ел бесігі» атты жоба аясында осы уақытқа дейін еліміз бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Оның басты мақсаты – ауылды дамытып, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту.
Биыл да «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды жүзеге асыру көзделуде. Бұл мақсатта Қарасай ауданында да 2020 жылға бірқатар жұмыстар жоспарланған. Нақты айтқанда, төрт жобаға 808 млн. 380 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 727 млн. 542 мың теңге және жергілікті бюджеттен 80 млн. 838 мың теңге қарастырылған.
Ауданымыз бойынша жобаларға бөлінген қаржылардың игерілуі келесі үш саланың нысандары бойынша іске асырылады:
білім: Жамбыл ауылында 250 оқушыға арналған «Ауданаралық оқу-өндірістік комбинаты» МКҚК-н күрделі жөндеуге 336 млн. 20 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 302 млн. 418 мың теңге, жергілікті бюджеттен 33 млн. 602 мың теңге.
транспорттық инфраструктура: Іргелі ауылындағы Момышұлы, Достық, Жетісу, кіші Райымбек көшелері және Жамбыл ауылындағы Мәметова, Гаджиева көшелерін орташа жөндеуге 264 млн. 248 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 237 млн. 823 мың теңге, жергілікті бюджеттен 26 млн. 425 мың теңге. Барлық қамтылатын жолдың ұзындығы 5,8 шақырым.
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық: Іргелі ауылындағы электр желілерін қайта жаңғыртуға 208 млн. 112 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 187 млн. 301 мың теңге, жергілікті бюджеттен 20 млн 811 мың теңге.
Жоғарыда аталған салалар бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Біздің алдағы басты мақсатымыз – жоба аясында жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырып, аудандағы ауылдардың ажарын жақсарту.
Жеңіс НОҒАЙБАЕВ,
аудандық экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің басшысы.