Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында еліміздің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға, қаржы жүйесінің әлеуетін арттыруға және ұлттық экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз етуге ерекше мән берілген.
Қазақстанның алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 130 млрд доллардан асуы – еліміздің қаржылық тұрақтылығы мен экономикалық әлеуетінің маңызды көрсеткіші. Бұл көрсеткіш мемлекетіміздің сыртқы экономикалық сын-қатерлерге төтеп беру қабілетін арттырып, ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалыптастырады.
Қаржы резервтерінің ұлғаюы елдің инвестициялық тартымдылығын күшейтіп, экономиканың басым бағыттарын қолдауға және стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ұлттық қор қаражатын тиімді басқару мен оны келешек ұрпақтың игілігіне бағыттау – маңызды міндеттердің бірі.
Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысы айқындаған экономикалық саясаттың басымдықтары Қазақстанның қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға, тұрақты өсімді қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

