Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Абай даналығы – кемел адам концепциясы» тақырыбында сұхбат-дәріс өтті.
Іс-шара Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінде ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жастарға Абай мұрасы, адамгершілік құндылықтары мен кемел адам тұжырымдамасы түсіндіріліп, пікір алмасу алаңы қалыптасты.

