Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу әр азамат үшін маңызды екендігін айтқан болатын. Бұл дегеніміз, шынында, саяси жаңғырудың жаңа кезеңі болып табылады.
Жалпы, ауыл әкімін сайлаудың басты ерекшелігі, тұрғындардың басшыға деген сенімін нығайту. Осылайша халық өздері қалаған үміткеріне дауыс беру құқығына ие болды.
Саяси додаға ауыл тұрғындары белсенділік таныта отырып, өздерінің ой-пікірлерін, әлеуметтік жағдайларын және басқа да мәселелерді өздері сеніп сайлаған ауыл әкіміне жеткізе алады. Ал, келешекте сол басшымен ауылдың ахуалын бірге реттеп, елдің өтініш-тілектерін орындалуын қадағалауға мүмкіндік алады деп ойлаймын.
Серік БАКИШЕВ,
«Нұр-Самал» базарының директоры.