Ардақты да асыл аналар, аяулы да қымбатты қыз-келіншектер!
Сіздерді көгілдір көктеммен бірге жетіп, көңілімізді көп өсіретін, жанымызды жаздай жадырататын тамаша мейрам – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамзаттың әсем бөлігін қастерлеп, қадір тұтуға арналған мерейлі мереке кезінде әрдайым жан-жағымызға жылы шуақ пен жүрегімізге сәулелі нұр құйылады. Иә, жер бетіндегі жақсылық атаулы, ізгілік, игілік аналар мен арулардың ақ ниетінен, ақ тілегінен бастау алады.
Әйел-аналар, сонымен қатар, шын мәнінде, махаббаттың, мейірімнің, сұлулықтың, жылылықтың, берекенің мөлдір қайнары, сарқырамас бұлағы.
Қазіргі кезде Тәуелсіздік туын жоғары көтерген егемен елімізде әйелдер араласпайтын, қыз-келіншектер атқармайтын жұмыс саласы жоқ деуге болады. Олардың ішінде өте сирек кездесетін мамандық пен кәсіпті игергендер де бар. Осылайша әйел-аналар Отанымыздың ортақ байлығын еселеп арттыруға да үлкен үлестерін қосуда.
Туған Қазақ-станымызда ана мен бала әрқашан шынайы қамқорлық аясында. Бүгінде мемлекетіміз көп балалы әйелдердің әлеуметтік жағдайына барынша көңіл бөліп отырғаны белгілі.
Қымбатты аналар мен арулар, баршаңызға қуаныш пен шаттық сыйлайтын 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Жүздеріңізден нұр, құшақтарыңыздан гүл кетпесін!
Шаңырақтың шырайын кіргізіп, отбасының алтын қазығы бола беріңіздер!