Түрлі спорт түріне баулып, шәкірттерін биік белестерге жетуге баптайтын №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қашанда жақсы нәтиже көрсетуден жалыққан емес. Жақында бұл орталықтың волейболшылары Жетісу жерінің намысын қорғап, ел чемпионатында ІІІ орынды иеленді.
Облыстық құраманың сапында аталмыш спорт мектебінде жаттығатын Меруерт Алтынсақа мен Нұрайым Абайхан да болғанын айта кеткен жөн. Бақыт Иманбекұлы жаттықтыратын қос волейболшының республикалық турнирде бақ сынап, үздік үштіктің қатарынан көрінуі ауданның мерейін одан әрі үстем етті десек болады.
Жас спортшылардың алдағы жарыстарына тек сәттілік тілейміз! Оқушыларын озат етіп тәрбиелейтін №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жеңісті жолы жалғаса берсін дегіміз келеді.
Өз тілшіміз.