Кәсіпкерлер күніне орай өткен аптада қарасайлық бизнес өкілдері марапатталды.
Мереке аясында өз өнімдерін Қарасай ауданына ғана емес еліміздің бар өңірлеріне ұсынып жүрген компанияларды «Атамекен» ҰКП Қарасай аудандық филиалының директоры Орынбай Жанәділ салтанатты түрде құттықтауды жөн санапты. Басқосуға «Атамекен» ҰКП-ы облыстық филиалының эксперті Елена Константинова, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жанна Жазықпаева және «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаныбек Айтжанов қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев ауданның экономикасын дамытуда сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің құттықтап, аудан әкімінің атынан Алғыс хатттарды табыс етті. Атап айтқанда, ел үшін атқарып жатқан игі істері үшін «Altyn Orda New Company, «Хамле Компании ЛТД» шетелдік өндіріс орны», «Маолин», «Айдони», «Компания Жер Ана ЛТД», «Coppa Italia Trading», «Чайный центр», «Айкул», «Айгерим Кабировна» және тағы басқа компаниялардың басшылары марапатталды. Шара соңында марапат биігінен көрінген жандар жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.