Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев-тың ұсынысымен ұлттық мерекелердің қатарына 25 қазан – Республика күні қайтадан енген болатын. Тәуелсіз елдің басты мерекесінің құндылығы қазіргі таңда еліміздің әр аймағында насихатталып, соның аясында түрлі іс-шаралар атқарылуда.
Мерекенің құрметіне орай өткен сенбіде Алматы облысы бойынша жалпы ағаш отырғызу «ЭКО» акциясы өткізілді. Айналаны көгалдандыру жұмысын қолдауға Қарасай ауданының мемлекеттік мекемелері де ұжым болып атсалысты. Олардың көбісі Әйтей округіне қарасты «Өмірзақ» тұрғын үй кешенінің айналасына жиналып, бірнеше түрлі тұқымдасты талдарды екті. Сонымен қатар ауданға қарасты барлық қала және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметшілері де өз елді мекендеріне сенбілік іс-шарасын ұйымдастырды.
Жалпы бүгінгі «ЭКО» акциясының аясында Қарасай ауданы бойынша 1000-ға жуық тал егілді. Оның ішінде үйеңкі, ерен, сән, алма сияқты белгілі ағаштың түрлері бар.
Өз тілшіміз.