Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында Көңілді тапқырлар ойынының аудандық іріктеу кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Ойынның редакторлық құрамында 2024 жылғы Жайдарман TOP чемпиондары – «Шапалақ» командасы болды.
Ал қазылар алқасының құрамында Жайдарман TOP ойыншылары – «Проект SU» командасының мүшелері болды.
Ауданның үздік командалары бас қосып, өздерінің әзілдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Жүлде қоры 100000 теңгені құрады.

