Ауданымызда өтіп жатқан маңызды саяси науқанда өзінің белсенділігін танытып, дауыс берушілердің алғашқы легін бастап, ең бірінші болып таңдауын жасаған ауданымызда аты шыққан 72 жасар спортшы, Бекболат ауылының тұрғыны Бұлар Мирманов болды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Округтегі № 468 сайлау учаскесіне елден ерте тұрып, маңызды істен қапы қалмай келген спорт, ішкі істер саласының ардагері Бұлар атамыз ауданның тұрақты дамуы мен іргесінің берік болуына әркім өз үлесін қосу қажет екенін айтып, барша тұрғындарды белсенді болуға шақырды.
– Бүгін еліміздің оның ішінде біздің ауданымыздың дамуына әсер ететін саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым. Мына сайлау ауданымыздың өркендеуіне тікелей әсер ететін маңызды сәт. Сондықтан елеулі өзгерісті қалайтын, аудан тағдырына алаңдайтын барлық жерлестерімді бүгінгі шарадан қалыс қалмауға шақырамын – дейді ардагер.
Айта кетейік, бүгін ауданымыз бойынша дауыс берушілер үшін 111 сайлау участкесі таңғы сағат 6.00-ден бастап жұмыс істеп тұр.