Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және Алматы облысының білім басқармасымен бірлесіп мектеп оқушылар арасында «Адал ұрпақ, парасатты жастар – әділеттілік жолында» облыстық слетін өткізді.
Іс-шараның мақсаты-мектеп Парламенті көшбасшыларының жаңа толқынын қалыптастыру және бәсекеге қабілетті, ынталы, жігерлі жастарды әділ Қазақстан құру жолына бағыттау.
Слет облыстың барлық аудандары мен Қонаев қаласының 9 командасы арасында жарыс қағидаты бойынша өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік моделі», “Креатив», «Адалдық сақшысы», «Парасаттылық моделі», «Ааналы ұрпақ моделі» номинациялары бойынша 6 конкурс өткізілді.
Атап айтқанда, Жастар сыбайлас жемқорлықсыз қоғам туралы өз көзқарастарын көрсетті. Балалардың көзімен сыбайлас жемқорлықтың салдары көрсетілген. Олардың шығармашылығы квест ойындарында сыбайлас жемқорлықпен байланысты сахналанған кейстерді шешуде қолданылады.
Слет қорытындысы бойынша Іле ауданының командасы 1 орынды, Қонаев қаласы – 2 орынды, Жамбыл ауданы – 3 орынды иеленді.
Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлық көріністерін өздерінің азаматтық құқықтарын бұзу ретінде қабылдайтын және осы құқықтарды қорғауға дайын құқықтық тұрғыдан сауатты азаматтарды тәрбиелеуге ерекше назар аударылғанын атап өткен жөн.