Мемлекет басшысы кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашада өтетіні туралы Жарлыққа қол қойды және осы бастамаға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады. Кезектен тыс Президент сайлауы – еліміздің тұрақты дамуына үлес қосатын шешім.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы қолға алған бастамалары мен конституциялық реформалардың нәтижесінде Қазақстанда мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа моделі қалыптасты. Енді келесі қадам – осы модельді іске қосу болмақ. Бұл күрделі, жауапты қадам Конституцияға сәйкес халық пен мемлекет атынан әрекет ететін Президент пен Парламент депутаттарының тікелей сайлауымен байланысты. Ең алдымен, халық Мемлекет басшысын жаңарған конституциялық мәртебеде және жаңартылған сайлау заңымен сайлауы керек.
Соның бірден бір дәлелі – 2022 жылғы маусымда өткен жалпыхалықтық референдумға ел азаматтарының көпшілігінің қатысуы. Мемлекет басшысы кезектен тыс президент сайлауын биыл өткізу жөнінде шешім қабылдады. Алдағы сайлауды Қазақстан тарихындағы жаңа сапалы кезеңнің бастауы ретінде қабылдаймын. Бұл – әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Өз кезегінде, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау науқанының қатаң заң шеңберінде өтетіндігіне, отандық және халықаралық байқаушылардың қатысатындығына кепілдік берді. Сондықтан барша халқымызды Президент сайлауына қатысуға шақырамын!
Сағат МӘСІМАҚЫНОВ,
аудандық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары.