Азаматтраға арналған үкімет әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігіне байланысты алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертеді.
Алаяқтар өз құрбандарынан мүмкіндігінше көп ақша тарту мақсатында түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Құжат алудың оңай жолын іздеген клиент қоңырау шалған кезде олар алдын ала төлем жасауды сұрайды, ал жүргізуші куәлігі бір айдың ішінде дайын болатынына сендіреді. Төлемді алғаннан кейін телефонын өшіріп, із-түссіз жоғалып кетеді.
Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға қаражат аудармаңыз және жеке мәліметтеріңізге мұқият болыңыз. Жүргізуші куәлігі тек автоХҚО-ларда тиісті емтихандар тапсырған соң уәкілетті орган арқылы берілетінін еске саламыз.
Жүргізуші куәліктерін беру тәртібімен мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ egov.kz порталында таныса аласыз.
Егер сіз алаяқтық жағдайға тап болсаңыз, міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.