Кейде өз жұмысын шынайы істейтін, еңбексүйгіш, елге адал қызмет істейтін адамдарды көргенде еріксіз қалам тербегің келеді. Оның ішінде, әсіресе, нәзікжандылардың орны бөлек. Иә, аналар, керім келіншектер, қызғалдақ қыздар – адамзаттың жаратушысы, тіршіліктің тұтастығын, жақсылығын тілеуші жүректері жұмсақ, жандары ақ, көңілдері көктем жандар. Шаңырақтың ырысы, өмірдің көркі, ортаның сәні мен салтанатындай оларға деген құрметім шексіз.
Кеген ауылындағы орталық базардың алдында әдемі екі қабатты ғимарат бар. Оның екінші қабаты сән салоны. Бұл жерде Сания атты шаштараз қыз еңбек етеді. Адамгершілігі, ақылына көркі жарасқан қызғалдақ. Келушілерді әрдайым инбатпен жылы қарсы алады. Қазіргі жастардың шаш қойысы бөлек. Сания соның бәрін жақсы меңгеріп алған. Содан да болар сән салонына тұрақты келетін жастар көп. Шаштараз қыз әйелдердің, нәзік жандылардың да шашын қалауынша қысқартып, жасап, әрлеп, сәндеп бере алады. Жалпы, кез-келген адамның қалауынша шашын қысқартып, жасап берудің шынайы шебері. Шаштараздың арнайы курсын бітірген. Мұнда сән салонынын ашып, жұмыс жасап жатқанына төрт жыл болды. Алғаны алғыс, арқалағаны ақ бата. Ол кішкентай балалардың, оқушылардың шаштарын да заманға, өздеріне лайықтап қысқартып, түзеп береді. Содан да болар, сән соланы кезек күтушілерден босаған емес. Саниядай он саусағы шебер шаштараз қыздың Малика Бердіқожа атты бірнеше көмекшілері бар. Бәрі келушілерге сапалы қызметтерін көрсетіп жатады. Сания бастаған қызғалдық қыздар ел алғысын арқалап, асқақ армандарына қол созып жүре берсін!
Қанат БІРЖАНСАЛ.