Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен «Жетісу географиялық қауымдастығы» бірлесе отырып, «Жетісудың 7 өзені» байқауын жариялайды, деп хабарлайды Алматы облысының коммуникациялар қызметі.
Аталмыш конкурс облыстың ішкі туристтік әлеуеттін көтеріп, киелі Жетісу өзендерін кеңінен таныту және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқауға қатысу үшін біздің әлеуметтік желідегі @visitzhetysukz инстаграм парақшасына жазылуыңыз керек. Мұнан кейін өзіңіздің жеке парақшаңызда Жетісу жерінің жеті өзенінің бірінде суретке түсіп, жеті өзеннің атаулары мен орналасқан жерлерін белгілеуіңіз қажет. Жүктелген сурет астына міндетті түрде #zhetysurivers, #7river хештегін қалдыру керек.
Конкурс 2019 жылдың бірінші тамызына дейін жалғасады. Байқау жеңімпазы, яғни:
1-орын – дрон DJI Phantom 3 SE;
2-орын – фонарь NITECORE TM16;
3-орын – бинокль Bresser National Geographic 10×42 WP⠀сияқты бағалы сыйлықтарға ие болады.