Жақында Жамбыл аудандық «Жастар орталығында» ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының қатысуымен жастар арасында «әке мектебі – отбасы тірегі» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға ауданның белсенді жастары қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Әке – ең құрметті ұлы есім. «Әке» деген сөзді айтқанда қамқоршың, тіреуің, қорғаның екенін сезесің. Әрине, отбасы үшін әкенің орны бөлек. Оның бала тәрбиесіндегі басты тұлғаның екені айтпасақ та белгілі.
Дөңгелек үстел барысында ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы әкеге қатысты пайымды пікірін айтып, дін тұрғысында әкенің қадірі қаншалықты жоғары екенін түсіндірді. Уағыз-насихатын жеткізіп, тақырыпқа тұздық болған мысалға толы әңгімелерін айтты.
«Әке көрген оқ жонар» демекші, балаға деген қарым-қатынасы мен сүйіспеншілігі арқылы өз бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіре алады. Бала бойындағы батылдық, сабырлық, өжеттілік, мәрттік, өмірдің қиындықтарын мойымай көтеретін табандылық қасиеттері әке арқылы қалыптасады.
Назар САЙЫНОВ,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Журналистика факультетінің 2 курс студенті.