Қазіргідей өте қауіпті індет белең алып, бүкіл елдің иығына ауыр жүк түсіп отырған кезде қамқорлық жасаудың, көмек-қолдау көрсетудің үлкен мән-маңызы бар екені белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы бағыттағы Үкіметке жүзеге асыру үшін тапсырған нақты жұмыстары халық көңілінен шығуда.
Иә, Мемлекет басшысы осындай қиын шақта кеңінен ойланып, кемел шешімдер шығарып отыр деп айта аламыз. Оның ішінде жұмыстан, табысынан айырылғандарға 42500 теңгелік жәрдемақы, сондай-ақ, коммуналдық төлемдер үшін бөлінетін 15 мың теңге және әлеуметтік жағдайы ауыр отбасыларға, қарттар мен мүгедектерге азық-түліктен көмек беру, тағы басқалары бар. Осының барлығы да Президентіміздің халыққа шынайы жақын екенін анық көрсетеді. Ал, жастар үнемі ол кісінің оң жағында жүріп, осындай ізгі істеріне жәрдемдеседі.
Иә, біздер, волонтерлер де, қарттар мен мүгедектерге азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге аянбай өз үлесімізді қосудамыз.
Сонымен қатар, індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге, тосқауыл-бекеттердегі полицейлер мен әскерилерге де барып, қажеттілерін апарып берудеміз.
Өйткені, біз біргеміз!
Жарқынай САДУОВА,
аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы, волонтер.