Алматы облысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын мерзімінен бұрын тоқтата тұру мәселесі қаралды.
Кәсіпкердің айтуынша, Қарасай ауданының білім бөлімі балабақшаның орналасқан жерінің мекен-жайын өзгерту туралы хабарламауға байланысты мемлекеттік тапсырыс шартын бұзған.
Тоқтату салдарынан – кәсіпкер шығынға ұшырады.
Кеңес отырысының нәтижесінде білім бөлімі мен кәсіпкер мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жөнінде жаңа шарт жасасты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
