Жақында Қонаев қалалық Мәдениет үйінде, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырумен Жетісу күй өнерінің негізін қалаушы, күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған «Тарту» атты республикалық күйшілер байқауы дүбірлеп өтті.
Қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнері және қазақтың ұлттық аспаптарын бүгінгі жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған еді. Сондай-ақ, дәстүрлі күй орындау өнерін дамыту және талантты жас күйшілерді танытып, олардың шығармашылығына қолдау білдіру.
Аталған байқауда бақ сынаған өнерпаздар көп болды. Солардың ішінен үздік өнер көрсеткені үшін Кеген аудандық Мәдениет үйінің әртісі, күйші Нұрқамытова Мақпал Рыскелдіқызы «Көрермен Көзайымы» номинациясымен марапатталды. Аудан мерейін үстем еткен өнерпазымыз арнайың дипломға және ақшалай сертификатқа ие болды.
Индира ҚАНАТҚЫЗЫ.
Кеген ауданы.