Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өту кезінде Жібек жолы ауылдық округінде тұратын 46 тыл еңбеккері мен 7 соғыс жесіріне үлкен құрмет көрсетілді.
Атап айтқанда, округ әкімі Алпамыс Айдаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Базаркелді Анисов және әжелер алқасының төрайымы Әзиза Ахметқызы, өзара бөліп алып, олардың әрбірінің үйіне арнайы барды. Барлығын да аталған үлкен мерекемен шын жүректен құттықтап, гүл шоғы мен сыйлық ұсынды.
Сонымен қатар, бәріне де Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне шығарылған мерекелік медаль тапсырылды.
Бұл күні, сондай-ақ, округке қарасты Тұрар ауылындағы Әбіжан Байсалбаев атындағы орта мектеп ғимараты алдындағы, соғыста қаза тапқандарға арналған, ескерткіш-обелискіге аз ғана адамның қатысуымен гүл шоқтары қойылды. Мұндағы шараға Тұрар ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы Сағат Мұхтаров, мектеп директоры Райхан Бердіғалиева да қатысқанын айта кеткен жөн.
Б. ЕЛЕУСІЗ.