Бүгінгі саяси науқанда Қарасай ауданына қарасты Исаев ауылындағы сайлау учаскесі азаматтардың жоғары белсенділігімен ерекшеленуде. Тұрғындар таң атысымен өз таңдауын жасау үшін учаскеге ағылып келіп жатыр.
Сайлаушылардың арасында тек ауыл тұрғындары ғана емес, сонымен қатар көпбалалы отбасылар, еңбек ардагерлері мен саяси науқанға алғаш рет қатысып отырған жастар да бар. Әрбір азамат ел ертеңіне бейжай қарамай, жоғары жауапкершілік танытуда.
дауыс беру процесі өте жоғары деңгейде, ешқандай құқық бұзушылықсыз өтіп жатыр. Тұрғындардың белсенділігі қуантады: таң атысымен үлкен кезек қалыптасты. Бұл – исаевтықтардың өз болашағына деген бейжай қарамауының және саяси жауапкершілігінің айқын көрінісі.
«Біз өз тарапымыздан әрбір азаматтың кедергісіз дауыс беруі үшін барлық жағдайды жасадық», – деп атап өтті учаске төрағасы Айгүл Еламанқызы Баятанова.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
