Алматы облысында соңғы 10 күнде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайлардың саны 222-ден 96-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар, 3 күн ішінде ауруханаға жатқызылған адам саны да азайды. Бұл туралы өңірдің бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді.
Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына әсер еткен факторлардың бірі халықты «COVID-19-ға» қарсы вакцинациялаудың қарқынды жүргізілуі себеп болып отыр. Облыста коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізу үшін 244 егу пункті, 67 мобильді бригада және 17 жылжымалы медициналық кешен тартылған.
Вакцинаны сақтау үшін 153 мұздатқыш камера, 272 белсенді термоконтейнер бар. Алдағы уақытта вакцинаны тасымалдау үшін тағы 80 белсенді термоконтейнерді жеткізу күтілуде.
Жалпы, облыс бойынша 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы кешен сатып алынып, 200 төсектік жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ай сайынғы жеке қорғаныс құралдарының қоры артып, дәрі-дәрмектермен толық қамтылған. Барлығы коронавируспен күресу үшін жергілікті бюджеттен 13,8 млрд бөлінген.
«Алматы облысына I компонентті вакцинасының 225 350 дозасы және II компоненттің 184 710 дозасы жеткізілді. Бүгінгі таңда 211 624 адам I компонентпен егілді, ал, 119 081 адам вакцинацияның екінші бөлігін қабылдады. Сондай-ақ, медициналық мекемелерде I компоненттің 14 920 дозасы және II компоненттің 65 610 дозасы бар», – дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Әбілсейітұлы.
Жалпы, өңірде 753 пациент ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 465 адам үйде оқшаулау жағдайында, 288 адам аурухананың инфекциялық бөлімшелерінде емделіп жатыр.
«JETISÝ MEDIA» ақпарат орталығы.