Қазіргі таңда Конституция тақырыбының қоғамда кеңінен талқылануы — дұрыс әрі оң үрдіс деп ойлаймын. Бұл әрбір азаматтың елдің құқықтық және саяси жүйесіне белсенді қатысуға ұмтылатынын көрсетеді.
Білім беру жүйесінің зайырлы сипатының Конституцияда нақты көрсетілуі — ғылым мен білімнің еркін дамуына берік негіз болады. Сонымен қатар, міндетті білім беру аясын кеңейту, әсіресе бастауыш және орта деңгейлерді қамту, барлық балаларға тең мүмкіндік беруге жол ашады. Бұл өзгерістер болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға ықпал етеді деп санаймын.
Жанар Кулиева,
Қарасай ауданының мәслихат депутаты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
