Береке ауылында орналасқан дәрігерлік амбулатория қызметкерлерімен өткен кездесуде Халықтық штаб өкілдері АЭС салудың экологиялық аспектілері туралы пікір алмасты.
Өңірлік халықтық штаб мүшелері Жанар Кулиева, Азамат Аширбаев және Батима Алиярова қатысқан кездесу барысында елімізде АЭС салудың қажеттілігі туралы кеңірек айтылып, АЭС-тің қазіргі заманғы технологияларының қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы егжей-тегжейлі талқыланды.
Жиын соңында дәрігерлік амбулатория ұжымы бірауыздан жобаның болашағына қолдау білдірді.
#АЭСүшін
#ЗаАЭС
#халықтықштаб