Қос азаматтыққа қатысты жаңа ереже елдің біртұтастығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Егер азамат басқа мемлекеттің азаматтығын алса, Қазақстан азаматтығы тоқтатылатыны нақты жазылуы – елдің заңдары мен мүддесін қорғауға көмектеседі. Бұл өзгеріс арқылы азаматтар өз елінің заңдарын құрметтеуге және оған адал болуға міндетті екенін түсінеді. Сонымен қатар, бұл ереже шетелдік ықпалдан, мүдделер қақтығысынан туындайтын мәселелерді алдын алуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, бұл Конституциялық норма Қазақстанның тәуелсіздігі мен халықтың мүддесін қорғау үшін маңызды деп ойлаймын.
Күлпан Исабаева,
Елтай ауылдық округі «Асыл ана» ұйымының төрайымы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
