Қазіргі таңда Конституция тақырыбының қоғамда кеңінен талқылануы — дұрыс әрі оң үрдіс деп ойлаймын. Бұл әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды мемлекеттік шешімдердің мәнін түсінуге ұмтылатынын көрсетеді.
Осы тұрғыда Халық кеңесінің құрылуы азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Бұл орган халықтың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін билікке тікелей жеткізетін тиімді тетікке айнала алады. Халықтың пікірін ескеру арқылы қабылданатын шешімдер мемлекеттік саясаттың ашықтығын арттырып, халық пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Махмудбек Жумагулов,
Қарасай ауданының Құрметті азаматы, мемлекеттік сала ардагері.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
