Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретінде сіңірген еңбегі ерен. Яғни, Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыруға бар күш-жігерін, ақыл-парасатын аянбай жұмсады. Соның арқасында бүгінде егемен еліміз дүниежүзілік қоғамдастықтан өзінің лайықты орнын ойып тұрып алып отырғаны белгілі.
Кеше ғана Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, халқының шын жанашыры ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы қазіргідей қиын жағдайда ел-жұртына қайырылып, өз ойымен бөліскені, сабырлылық көрсетуге шақырып, тәртіпті сақтауға үндеуі барлығымыздың да көңілімізден шығып отыр.
«Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті, – дейді Тұңғыш Президент. – Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді… Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады.»
Иә, елімізде осы бағытта, шынында да, көп іс жүзеге асып жатқанын бәріміз де жақсы білеміз.
Бұл ретте Елбасы кәсіпкерлерге де өз сөзін арнап: «Осы орайда, менің өтінішім бойынша өз отандастарына қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіп жатқан азаматтар баршылық. Осы бір жарасымды үрдіс, игі іс одан әрі жалғасын табады деп сенемін» деп атап көрсетті.
Біздер, кәсіпкерлер де, Нұрсұлтан Әбішұлының мұндай шақыруын өте дұрыс деп есептейміз.
Иә, бірлесіп, ұйымшылдықпен қарсы тұрғанда ғана қауіпті індеттің жолын кесеміз!
Қуаныш БАЯМАНОВ,
кәсіпкер, Қарасай аудандық мәслихатының депутаты.