Шамалған ауылындағы Қарасай батыр атындағы орта мектеп те көктем мерекесін өте жақсы қарсы алды. Мәселең, осындағы 1 «б» сыныбында, Ұлыстың ұлы күні мейрамына орай, «Армысың, әз Наурыз!» деген тақырыпта ертеңгілік өтті. Оның барысында оқушылар өлең оқып, тақпақтарын айтты. Қызыр баба ақ батасын берді. Балалар – Алтайыр, Батырхан, Жәнібек ұлттық ертегі кейіпкерлері – Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша бала рөлін жақсы ойнады. Бәрі де би биледі, ән салды, мерекелік дастарханда наурыз көжеден дәм татты. Тіпті, оқушылар күн мен түн болып киініп, наурыз айында екеуінің теңелетінін де көрсетті. Ата-аналар «Тұсау кесу» рәсімін ұйымдастырды. Утпаева Мәдина қызымыз «Тәй-тәй» әнін нақышына келтіріп айтты. Сынып қазақтың ұлттық қолөнері заттары мен домбыра, қамшы, қоржын, кереге, бесік, сандық, түскиізбен безендірілді. Осы орайда сынып жетекшісі Назира Қыдырованың көп еңбектенгенін атап айтқан жөн.
Данара СЕРИКОВА,
1 «б» сынып оқушылары
ата-аналарының атынан.