Ұлы Шоқан атамыз кезінде: «Қазақ даласында не көп – бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ» – деген. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде де еліміздегі ескерткіштердің ықпалы өте зор екенін бәріміз білеміз.
18 сәуір – «Ескерткіштерді қорғау күніне» байланысты біздің А.Макаренко атындағы орта мектепте «Ескерткіш – ел тарихы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шара ауылымыздағы «Тырналар» ескерткішіне тағзым етуден басталды.Оқушылар мен ұстаздар ескерткіш басына гүл қою рәсімін өткізіп, оған 5-7сынып оқушылары қатысты. Жүргізушілер екі тілде ескерткіш туралы мәліметтер айтты. Сонымен қатар, Қазақстан аумағындағы тарихи ескерткіштердің бейнебаяндары көрсетілді. Оған байланысты оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Іс-шара барысында 6 сынып оқушыларының «Әлиямен сырласу» атты қойылымы көпшілік көңілінен шықты. Сондай-ақ, қазақ ақындарының ескерткіштерге арнап жазған жырлары да өскелең ұрпаққа оң әсер етті.
Ал, 6 сыныптардың оқушылары «Алеша» әніне қойылым көрсетті.Кеш соңында оқушылар алған әсерімен бөлісті.
Бұл бас қосудың мақсаты жас ұрпақты ескерткішті қорғауға және сақтауға шақыру еді.
Римма ЖЕҢІСҚЫЗЫ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.