Елеулі істе белсенділіктерін танытып жүретін аудан жастары мамыр айының алғашқы мерекесін де назардан тыс қалдырмады.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында аудандық Жастар ресурстық орталығы мен еріктілер қарасайлықтарға 500-ге жуық тегін бетперде таратты.
Волонтерлер медициналық маскаға «1 мамыр» деген жазуды да жабыстырып, айтулы күннің қаншалықты маңызды екенін де аңғартқандай. Сонымен қатар, аудан жастары елді елең еткізген коронавирус індетінің алдын алу, одан қалай қорғану және сақтық шараларына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерікті жастардың мұндай бірлескен істері Қаскелең қаласы мен басқа да округ бойынша атқарылғанын да айта кеткен жөн.
Өз тілшіміз.