Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болсын, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр.
Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің арасына қосу біздің қолымызда және бізге артылған үміт пен сенім.
Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз.
Біз, Қазақстан жастары, өзімізге жүктелген сенім мен үмітті ақтаймыз. Беріліп жатқан барлық мүмкіндіктерді өз дәрежесінде пайдаланып, руxани жаңғырған ұрпақ болуға уәде береміз.
Құрметті жастар! Барлығымыздың жастық шақта да құндылықтарымыздың жүйесін қалыптастыратын кезең келді. Биылғы жыл біз үшін жетістіктерге толы болмақ. Жастар жылын абыроймен атқарып, жаңа белестерді бағындырайық!
Ақбота НЫСАНБАЕВА,
Шамалған орта мектебінің оқушысы.