Аудандық мәслихат депутаттарының басым дауысын жинаған Ренат Кенеев, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-ші бабының 1-тармағына сәйкес Елтай ауылдық округі әкімі болып 2019 жылдың 26 маусымынан бастап тағайындалды.
Округ ауданымыз-дағы күре жолдың бойында орналасқан, әртүрлі саладағы үлкен кәсіпорындары бар округ ретінде ерекшеленеді. Жуырда аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы Елтай ауылдық округі әкімдігіне келіп, жаңа басшының өмірбаянымен таныстырып, жұмыс орнына отырғызды. Халқы тығыз қоныстанған округ жұмысын одан әрі жетілдіріп, экономикасын дамытуға үлкен үлесін қосатындығын айтты. Өз кезегінде тұрғындар да ыстық ықыласын білдіре келе, осы жердің ауасын халқымен бірге жұтып, топырағын бірге басып, үлкенімен де, кішісімен де етене араласа жүріп, жұмыста жақсы нәтиже көрсете алатынын сенетіндерін білдірді.
Бақдәулет ТАЛИПОВ.