Конституцияға енгізілген бұл өзгерістер мемлекеттің қауіпсіздігі мен ішкі тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту туралы норманың алып тасталуы Қазақстанға халықаралық жағдайда өз тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғауға көбірек мүмкіндік береді. Бұл елдің қорғаныс қабілетін күшейтеді деп ойлаймын.
Ал діни ұйымдар туралы баптың Конституциядан алынуы мемлекеттің зайырлы сипатын сақтауға көмектеседі. Енді басты назар шетелден қаржы алатын коммерциялық емес ұйымдардың ашықтығына аударылады. Бұл қоғамдағы тәртіпті күшейтіп, заңның бәріне бірдей қолданылуын қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, бұл өзгерістер елдің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы үшін маңызды деп есептеймін.
Есенкелди Салибеков,
Елтай ауылдық округінің ардагерлер ұйымының төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
