Жаңа Конституция жобасында заң шығарушы билік жүйесінің түбегейлі өзгертіліп, екі палаталы Парламенттің орнына Құрылтай атты біртұтас орган құру ұсынылуы — елдің саяси дамуына тың серпін беретін маңызды қадам деп есептеймін. Құрылтайдың парламенттік, кадрлық және бақылау қызметтерді қатар атқаруы мемлекеттік басқарудың ықшам әрі тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл бастама шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, билік тармақтары арасындағы үйлесімділікті арттыруы мүмкін. Сонымен қатар, Құрылтайдың құрамының қалай жасақталатыны, оның өкілеттіктері мен қоғам алдындағы есептілігі ашық әрі әділ түрде белгіленсе, халықтың билікке деген сенімі күшейе түсер еді.
Дегенмен, мұндай ауқымды өзгеріс қоғамда кең талқылауды талап етеді. Себебі заң шығарушы орган — демократияның өзегі. Сондықтан Құрылтайдың қызметі халықтың еркін білдіруге, мемлекет мүддесін қорғауға және билікке тиімді қоғамдық бақылау орнатуға толық мүмкіндік беруі тиіс деп ойлаймын.
Бақытжан Муминов,
Ауған соғысының ардагері.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
