Бүгін елордада өткен партиямыздың Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы — еліміздің ертеңі үшін маңызды тарихи белес болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Конституцияның жаңа жобасы — бұл жай ғана заңдық өзгеріс емес, бұл әрбір қазақстандықтың, соның ішінде біздің Қарасай ауданы еңбеккерлерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндік.
Партия төрағасы Серік Егізбаев атап өткендей, жаңа құқықтық іргетас ауыл тұрғындарының мүддесін қорғауды басты орынға қояды.
Билік пен халықтың жақындасуы, Парламенттің жаңа құрылымы өңірлердегі өзекті мәселелердің жоғары мінберлерде жедел әрі әділ шешілуіне ықпал етеді.
Біздің Қарасай ауданы — аграрлық және өндірістік әлеуеті жоғары өңір. Жаңа философия «адам капиталын» басты байлық деп тану арқылы ауыл жастарының білімі мен еңбегіне жаңа серпін береді.
Мен, бұл тарихи қадамды толықтай қолдаймын. Біз аудан халқы арасында бұл реформалардың мәнін түсіндіріп, «Әділетті Қазақстанды» бірге құруға атсалысамыз. Партияластарымды және аудан тұрғындарын тек ресми ақпаратқа сеніп, ел бірлігін бекемдеуге шақырамын. Біздің күшіміз — бірлікте және адал еңбекте!»
Камилжан Тогисов,
Қарасай ауданының мәслихат депутаты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
