Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды ұсынды. Атап айтқанда, «Құрылтай» атты бір палаталы парламентке көшу, вице-президент институтын қайта енгізу және заң шығару бастамасын көтеруге құқылы «Халық кеңесін» құру мәселелері күн тәртібіне шықты.
Осы бастамалардың логикалық жалғасы ретінде 21 қаңтарда Президенттің Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қоюы елдегі саяси жаңғыру үдерісіне нақты серпін берді. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылыми және сарапшылық қауымдастық мүшелері енгізілді.
Бүгін өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысы — алдағы ауқымды өзгерістердің бастауы. Қазақстан қазіргі таңда терең реформалар мен жаңа саяси кезеңнің табалдырығында тұр. Мұндай жауапты сәтте комиссия мүшелеріне жүктелген міндет те, артылған сенім де айрықша. Қабылданатын шешімдер елдің болашақ даму бағытын айқындайтыны сөзсіз.
Ақылия БЕКБАЙҚЫЗЫ,
ардагер-ұстаз, Қарасай ауданының Құрметті азаматы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
