Конституцияға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу туралы норманың ұсынылуы Қазақстанның экономикалық даму моделін жаңғыртуға бағытталған жүйелі қадам екенін көрсетеді. Жекелеген аумақтарда «жедел даму қалалары» форматында ерекше жағдайлар жасау инвестиция тарту тетіктерін кеңейтіп, экономиканың өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Алатау қаласын дамытуға қатысты бұл бастама халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты күшейтіп, елдің өңірлік әлеуетін тиімді пайдалануға жол ашады. Мұндай өзгерістер жаңа технологиялар мен капиталды тартуға, кәсіпкерлікті қолдауға және Қазақстанның жаһандық экономикалық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Саян Ашенов,
кәсіпкер, Қарасай ауданы мәслихатының депутаты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
