Конституцияға өзгерістердің тек референдум арқылы енгізілуі — халық билігінің нақты көрінісі болып табылады. Бұл әрбір азаматқа елдің болашағына тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, маңызды мемлекеттік шешімдерге өз пікірін білдіруге жол ашады. Мұндай норма демократиялық қағидаттарға толық сәйкес келіп, қабылданған шешімдердің легитимдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл халықтың саяси санасын арттырып, мемлекетті басқарудағы ашықтық пен есептілікті нығайтуға ықпал етеді деп санаймын.
Айшам Нурузова,
Қарасай ауданының Ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
