Шілде айынан бастап фармацевтер медициналық дәрілік препараттарды дәрігердің нұсқау қағасынсыз сата алмайды. Яғни, құрамында психотроптық және есірткі қоспасы анықталған дәрілік заттар мүлдем берілмейді. Егер бұл талап орындалмаған жағдайда дәріхана қызметкерлері жауапкершілікке тартылады. Бұл жөнінде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта дәрілік заттарды сату мәселесі 2009 жылғы ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен реттелген. Бүгінгі күнде Қазақстанда 7792 дәрілік заттар болса, оның алты мыңы заңнамаға сәйкес қатаң дәрігердің нұсқау қағасынсыз бойынша ғана беріледі. Ал, дәрумендерге ерітінділерге мен шөп қоспасынан дайындалған өнімдерге шектеу жоқ, баяғыша еркін сатылатын болады.
Сонымен қатар, жиын барысында «DariКz» мобильді қосымшасының тиімділігі де түсіндірілді. Онда енгізілген учаскелік дәрігердің жазып берген нұсқаулығы арқылы дәріханадан дәрі-дәрмек те алуға болады. Осы жүйе бойынша, мамандар препараттардың заңсыз сатылуының алдын алмақ.