Әрбір қазақстандық Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен айрықша мақтана алады. Әсіресе, дара жолымен, дара бағытымен тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз талай тамаша жетістікке қол жеткізді ғой!
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тағы да осыны дәлелдейді. Бұл еңбек негізінен осыдан бір жыл бұрын жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы болып табылады.
Жалпы, жеті саны халқымыз үшін киелі сан екені санамызға сіңіп қалған. Елбасының өз мақаласын осы киелі санмен байланыстыруында үлкен мән жатыр деп ойлаймыз.
Президентіміз бұл мақаласында дархан даламыздың 1. «Атқа міну мәдениеті»; 2. «Ұлы даладағы ежелгі металлургия»; 3. «Аң стилі»; 4. «Алтын адам»; 5. «Түркі әлемнің бесігі»; 6. «Ұлы Жібек жолы»; 7. «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» сияқты жеті қырын ерекше атап өтіп, санамызды сәулелендірді.
Иә, біз қалай мақтансақ та болады екен! Өйткені, әлемдік мәдениет пен өркениетке көп үлес қосыппыз.
Жуырда біздің Шамалған ауылындағы орта мектепте осы мақаланы талқыладық. Онымен жақсы таныстық, мақсатын түсіндік, әрбіріміз өз ойымызды білдірдік. Шын мәнінде, мақаланың өне бойы тамаша рухани байлыққа толы. Әлем халықтарының көз тіккен, қызыға қараған дүниелерінің біздің ұлы даламызда болғаны қандай ғажап!
Сонымен, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ата-бабаларымыздың өзге халықтардан ерекшелігі мен артықшылықтары айтарлықтай анық көрсетілген. Бәрі де сананы селт еткізер, серпіліс берер үлкен мән-мағынаға толы.
Қopытa кeлгeндe, ұлттық pуxaни жaңғыpу жoлындa тapиxын түгeндeп, aтынa қaйтa мінгeн қaзaқтың кeудecін енді eшкім бaca aлмaйды!
Роза ИМАНБАЙ,
Шамалған ауылындағы орта мектептің кітапханашысы.